Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығы
(2026.23.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140-бабының 5 тармағына және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.
1) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығы. (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32954 болып тіркелген);
2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 287 бұйрығы. (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34364 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;